«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы қызметкерлері әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру механизмін жүзеге асыруды қамтамасыз ету бағдарламасы аясында нан пісіруші кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді. Қоғам бұған дейін наубайхана иелерінің өтінішімен бірінші сұрыпты ұннан пісірілген әлеуметтік нан бағасын тұрақты ұстап тұру үшін пайызсыз қаржыландыру шартымен мақсатты қарыз беру туралы келісім-шарт жасасқан болатын.
Келісім-шартқа сәйкес, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы 2021 жылдың 1 қазанына дейін 83 теңге деп бекітілді. Наубайханаларды пайызсыз қаржыландыру мерзімі – 2021 жылдың 1 қазанына дейін.