«Ақтөбе» индустриялық аймағындағы өндіріс орындарының барлығы маңызды, өңірдің экономикасына қажет жобалар. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Серік Оспанов айтты. Онымен бірге Ақтөбеге индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков те келген.
Астаналық меймандар керамогранит пен қыш тақтайшаларын шығаратын «Зерде Керамика Ақтөбе» зауытында және «AktobeSmartTech» деректерді өңдеу орталығында болды. «Зерде Керамика Ақтөбе» зауытының ашылуы келесі жылдың наурыз айына жоспарланып отыр. Ал, «Aktobe Smart Tech» орталығы тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Министрдің кеңесшісі Серік Оспанов индустриялық аймақтағы бірқатар мәселелерді шешуге ықпал ететін атап өтті.