Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірдегі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «HALYQ SAÝDA» сауда желісі «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен «Арзан бағалар марафонын» жариялайды.
Акция дүйсенбі, 28-желтоқсаннан бастап шағын көтерме сауда дүкендерінің барлық 9 нүктесінде өткізіледі.
Мерекелік жеңілдіктер әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің 9 аталымы бойынша қарастырылған:
– күнбағыс майы – 470 теңге;
– құмшекер – 250 теңге/1 кг;
– қарақұмық – 365 теңге/1 кг;
– ас тұзы – 42 теңге/1 кг;
– күріш – 290 теңге/1 кг;
– 1 сұрыпты ұннан жасалған макарон өнімдері – 214 теңге/1 кг;
– ет консервілері – 650 теңге/банка;
– 1 сұрыпты бидай ұны – 140 теңге/1 кг;
– «Ақман» шайы – 1290 теңге/ 1 кг.
«Қазпошта» АҚ-ның әлеуметтік картасын қолданушылар үшін 10 пайыз cashback бар. «HALYQ SAÝDA» – «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Оның мақсаты – ақтөбеліктерді жергілікті тауар өндірушілердің бағасы қолжетімді өнімдерімен қамту. Бүгінде «HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда дүкендерінің 9 нүктесі жұмыс істеп тұр.