Әдеттегідей жаңадан ашылған сауда нүктесінің маңында, яғни “Нектар” сауда үйі алаңында бүгін ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Көкөніс 79 теңгеден, ет 1600-2000 теңгеден сатылды. Халық арзан көкөністі сатып алуға асықты. Жергілікті жерде өсірілген, әрі делдалсыз сатылатын көкөніске сұраныс қашан да жоғары, дейді “Ақтөбе” ӘКК басқарма төрағасы Ермек Имантаев. Осындай жәрмеңке Жаңақоныс ауылында, Алматы көшесіндегі «HALYQ SAÝDA» дүкені алдында да ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, бүгінгі жәрмеңкелерде 25 тонна картоп, 3 тонна сәбіз, 5 тонна пияз, 600 кг ет сатылған.
⠀
«HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда орталығы – “Ақтөбе” ӘКК-ның көмегімен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Біз бірінші кезекте қала тұрғындарын жергілікті жерде өсірілген арзан көкөніс және ет өнімдерімен қамтуды көздейміз. “Ақтөбе” ӘКК агроөнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Дархан Қалиевтың айтуынша, жәрмеңкеде сауда жасап үлгермегендер көкөніс пен басқа тауарларды «HALYQ SAÝDA» дүкендерінде кез келген күні арзан бағаға сатып ала алады. Қазір қала бойынша осындай 10 дүкен жұмыс істеп тұр.