«HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда дүкенінің жетінші сауда нүктесі ашылды. Ол Жаңақоныс ауылында Алматы көшесі, 13-үй мекен-жайы бойынша орналасқан. Дүкеннің ашылуына орай, 3-қазанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде “СХФ Пригородный” ЖШС-і алқаптарында өсірілген картоп, қызылша, пияз бен сәбіз бағасы келісіне 70 теңгеден, қарбыз 90 теңгеден сатылды.
Бұдан бөлек, «Ақтөбе Ет» сауда белгісінің ет және ет өнімдері келісі 1600-2000 теңгеден сатылымға шығарылды. Жергілікті өнімге халықтың сұранысы зор. Бас-аяғы үш сағаттың ішінде 10 тонна картоп, 1 тонна пияз, 500 кг сәбіз, 200 кг қызылша және 300 кг ет сатылған.