«СХФ Пригородный» қожалығында науқан жарты ай бұрын басталып кеткен. Пияз толығымен жиналып, қазір қоймада құрғату процесінен өтіп жатыр. Сәбіз бен қырыққабат әлі де бір ай жатады. Ал, картоп алқаптарында жұмыс енді қызуда. Терілген көкөніс қоймаға әкелініп, іріктеліп, құрғатылып жатыр.«Еламан» және «Болат ЛТД» қожалықтары да жиын-терімге кіріскен.
“Ақтөбе” ӘКК-ы биыл үш шаруа қожалығымен фьючерсті келісім-шарт жасасқаны белгілі. Шарт бойынша, “СХФ Пригородный” ЖШС-і тұрақтандыру қорына 1450 тонна картоп, 300 тонна пияз, 250 тонна сәбіз бен 150 тонна қырыққабат өсіріп береді. “Еламан 2014” және “Болат ЛТД” ЖШС-тері әрқайсысы күзде 200 тоннадан картоп жеткізуі тиіс. Тұрақтандыру қорына көкөніс салу үшін биыл 240 млн теңге бөлінді.