Индустриялық аймақты басқару компаниясы (ИАБК) резиденттерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Компания басшылығы «Жедел плюс» және «Баумастер Интернэшнл» өкілдерімен ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Құжатқа сәйкес, ИАБК «Ақтөбе» индустриялық аймағында орналасқан өндіріс орындарына ақылы консалтингтік және маркетингтік қызметтер көрсетеді, өнімді сатуға көмектеседі. Бұдан бөлек, индустриялық аймақ резиденттері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен кездесті. Қаржы мамандары оларды «Бизнестің жол картасы – 2025», «Даму Оптима», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы жеңіл несие алудың мүмкіндіктерімен таныстырды.
«Жедел плюс»компаниясы “Ақтөбе” индустриялық аймағында қабырға блоктры өндірісін бастады. Әр панельдің салмағы – 18 кг. Мұндай блоктардан салынған үйлер кем дегенде 40-50 жыл тұрады.
«Баумастер Интернэшнл» өткен жылдың шілдесінде ашылды. Болгариядан келген инвестор қазақстандық бизнес-серіктесімен бірге «BauMaster» неміс маркасымен лак-бояу өнімдерін шығара бастады. Мұндай өнім Қазақстанда жоқ. Өндіріс орны толық күшіне шыққан кезде жылына 5 мың тонна өнім өндірілетін болады.