«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
#ЖақсылықВирусы акциясынан шет қалған жоқ. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасын қолдап, біз бүгін 100 келі алманы акция ұйымдастырушыларына табыстадық. Бұл жеміс көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратылатын азық-түлік қораптарына салынды.
#ЖақсылықВирусы акциясы аясында бүгін 50 отбасына азық-түлік, дәрі-дәрмек және тазалық құралдары таратылды.
⠀
«Ақтөбе» ӘКК-сы Ақтөбедегі барлық бизнес иелерін қайырымдылық акциясына үлес қосып, мұқтаж жандарға көмектесуге шақырады», – деді корпорация басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Серікжан.