Пандемияның салдарынан шетелден әкелінетін құрал-жабдықтар кешігіп жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-
«Елдегі карантинге байланысты жағдай өңдеу саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуына кері әсерін тигізіп отыр. Көптеген кәсіпорындардың құрал-жабдықтары, өндіріске қажетті шикізат жеткізілмей жатыр, шетелдік жоғары білікті мамандардың елге кіруіне шектеу қойылды. Осыған байланысты көптеген жобаларды жүзеге асыру мерзімі осы жылдың III және IV тоқсанына шегеріледі. Индустрияландыру картасына сәйкес, биыл 160 жоба жүзеге асырылуы керек», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов.
Оның дерегінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шамамен 900 жұмыс орны құрылып, жалпы құны 23,7 млр теңгеге 4 жоба іске қосылды. Өңдеуші өнеркәсіптің өсімі 4,8%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға ұлғайып, 373 млрд теңгеге жетті. Әлемді жайлаған індетке байланысты халықаралық саудадағы шектеулердің саалдарынан өңдеуші өнеркәсіп өнімінің экспорты осы жылдың қаңтар-мамырында 18,6 пайызға азайып, 5,2 млрд АҚШ долларын құрады. 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өңдеуші өнеркәсіп саласында 16,4 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Индустрияландыру бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы сомасы 87,4 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды.