«Нұр Ақтөбе» ауданында екі айдың ішінде «ARMAN QALA» бағдарламасы бойынша алғашқы павильондар ашылады. Аталмыш ауданда орналасқан жер учаскелері бойынша конкурс өтіп, оның нәтижесінде жеті адам кәсіп бастау мүмкіндігіне ие болды. Олардың көбі көше павильонында көкөніс-жеміс саудасын жүргізуді жоспарлап отыр. Бір кәсіпкер бургер жасап, сатуды қолға алмақ.
Бұдан бөлек, Абай даңғылындағы екі жер учаскесін, Гришин көшесі және Тәуелсіздік даңғылындағы жер учаскелерін жалға алушылар анықталды. Абай гүлзарында балмұздақ дүкені, ал Гришин көшесінде және Тәуелсіздік даңғылында көкөніс-жеміс дүкені ашылады. Жер учаскесін жалға алу үшін құжаттар мамырдың 11-29 күндері аралығында қабылданған болатын. 3-маусымда конкурс өтті. Көпбалалы үш анаға жер учаскесі жеңіл шарттармен берілді.