“Бизнестің жол картасы-2025” бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның мақсаты: Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңдей өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) кедейлікті жоюға, теңсіздікті және әлеуметтік оқшаулауды қысқартуға көмек көрсете отырып, Қазақстанды қоса алғанда, 170-ке жуық ел мен аумақта жұмыс істейді.
Өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау. Бағдарлама міндеттері: Азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіптік тауарлардың жергілікті өндірісін дамыту; импорттық әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жергілікті өнімдермен алмастыру; өнімнің басым түрлерін шығаратын отандық тауар өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету.
Мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: 1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады; 2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды; 3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10,2 %-дан аспайды; 4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды.