Наурыз мейрамы қарсаңында біз көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қариялардың үйіне барып, азық-түлік, күнделікті тұрмысқа қажет заттарды апардық. Қиын-қыстау кезеңде оларға қол ұшын созайық деп шештік. “Алтын алқа” иегері Жанерке Мәмбеттің жеті баласы бар. Балаларының үлкені – 12, кішісі – 2 жаста. Отағасы зауытта жүк тасушы болып еңбек етеді, Жанерке көрпе тігеді. Жанеркенің айтуынша, олар мұндай көмекті алғаш рет алып отыр. Біз апарған азық-түлік, тәтті сыйлықтарды көріп балалар қуанды. Игі істер бастамасына сіздер де қосылыңыздар! Наурызда жақсылық жасап жарысайық!