«AQTOBE HUB» өңірлік даму орталығы корпоративтік қоры» АҚ-ның директорының орынбасары Әнуар Нұртазин қоршаған ортаны көгалдандыру, автокөлік жолдары желісін дамыту және қоғамдық көліктерде электронды билет қолдануды енгізу бойынша бірнеше жобаны 2020 жылдың 21 ақпанында әкімдікте таныстырды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аталған ұсыныстарды бірқатар аудандарда пилоттық жоба ретінде жүзеге асыруға болатынын айтты. Аймақ басшысы президенттік жастар кадр резервіне іріктелген мамандармен кездесті. Жиынға аппарат басшысы Нұржауған Қалауов, Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қайрат Райымқұлов, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Мақсатов , «AQTOBE HUB» өңірлік даму орталығы корпоративтік қоры» АҚ-ның директорының орынбасары Әнуар Нұртазин және т.б. қатысты.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесіне меритократия негізінде тек лайықты, білімді адамдар келуі керек. Кадр іріктеу кезінде басқа қағидат болмауы тиіс.Тұтастай алғанда, бізге биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет,-деген болатын. Осы тұста сіздерге айтарым, әр қызметтің қиындығы мен талабы болады. Адам қандай дәрежеге болмасын еңбектенудің арқасында жетеді. Тәжірибемен қатар, жеке қасиеттермен де ерекешелену маңызды»,-деп атап өтті облыс әкімі. Елге қызмет етудің жауапкершілігі мен талаптарына тоқталған аймақ басшысы жастардан жаңашылдық, өзгеше жобалар күтетіндігін жеткізді.
Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов өңірдегі мемлекеттік қызметтің жай-күйіне тоқталды. Облыс, қала және аудан әкімдіктерінің басшылық лауазымдарына «Мансаптық жоспарлау картасы» әзірленген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар 94,8%-ға жасақталған. Бұл өңірде мемлекеттік қызметке қызығушылық бар екенін көрсетеді.