«Ақтөбе» ӘКК қызметі: Жемқорлықтыңалдыналу – бастыміндет
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшыларымен, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының», оның еншілес мекемемелерінің қызметкерлерімен және құрылтайшы өкілі – қаржы басқармасының өкілімен кеше өткізген кездесуі барысында жемқорлық қауіп-қатерлеріне байланысты мәселелер қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген талдауға сай, ӘКК жұмысының көптеген бағыттары бойынша жыл сайынғы шығынға әкеліп соқтыратын жемқорлық қауіп-қатерлері баршылық. Олардың алдын алу мен жою мақсатында жиырмадан астам ұсыныстар жасалды, алты ай ішінде жүзеге асыру және тұрақты түрде мониторинг жасау жоспары әзірленді.
Жиналыс жұмыс сипатында өткізіліп, ӘКК аясымен шектелсе де, оның ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылық пікірін ескеру мақсатында оған қоғам өкілдері де шақырылды. Мәселен, олардың тарапынан еншілес мекемелердің жұмысына қатысты, жер телімдерін алу барысында кезігетін шамадан тыс кедергі мәселелері көтерілді.
«Ақтөбе» ӘКК төрағасының орынбасары Ермек Беделбеков қойылған сауалдарға жауап бере келіп, сыбайлас жемқорлық іліктерін жоюға, «Табыс» базарында қызмет көрсету сапасын жақсартуға, корпорацияның құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа қабылдау кезінде мейлінше ашықтықты ұстануғабағытталған бірқатар нақты шаралар іске асырылып жатқанын айтып өтті.
«Ақтөбе» СКК баспасөз қызметі