Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ақтөбе облысында тамақ өнеркәсібіне 1,9 млрд теңге инвестиция құйылды


Қазақстанның тамақ өнеркәсібіне капитал құю жылына 15%-ға артты. Қаражаттың 57%-ы Алматы, Ақмола және Алматы облыстарына тиесілі, деп жазады kapital.kz

Ақтөбе облысында бұл салаға 1,9 млрд теңге инвестиция салынса, жыл бұрын 325,24 млн теңге болатын, яғни 5,8 есе өсім бар. 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында елде азық-түлік өндірісіне 20,6 млрд теңге құйылған. Инвестицияның жылдық өсімі 14,9 пайыздық  инфляцияны есепке алғанда 19,3 пайызды көрсеткен. Бір жыл бұрын осындай уақытта салаға құйылған капитал көлемі 17,3 млрд теңге болған. Мұндай мәліметтерді finprom.kz келтіріп отыр.

Қаражаттың басым бөлігі – 50,3% немесе 10,4 млрд теңгені кәсіпкерлер өз қалтасынан шығарған.  13,5%, немесе 2,8 млрд теңге банктен несие ретінде алынған. 36,2%, немесе 7,5 млрд теңге – қарыз қаражаты.

Елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібін қолдау үшін мемлекет жыл сайын 365 мың тоннаға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алатын болады, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты. Бюджеттен 24,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа бидай, арпа, күнбағыс және қарақұмық сатып алу жоспарланып отыр.

Тізімге оралу
Читайте так же

image

Бізбен байланысыңыз

Жобаңызды талқылауға және өңірдің тұрақты дамуы үшін практикалық шешімдер ұсынуға дайынбыз

Байланыс

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, call-орталыққа хабарласыңыз

antikor image

1424

Антикордың жедел желісі
logo

8 (7132) 45-91-16

Комплаенс қызметі