«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ көктемгі-жазғы кезеңге көкөністерді жеткізуге коммерциялық ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Сатып алу мақсаты – өңірлік тұрақтандыру қорының қорларын толықтыру және 2025 жылғы сәуір–шілде аралығында Ақтөбе қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру үшін оларды белгіленген төмендетілген бөлшек сауда бағаларымен сату.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 19 ақпаннан 5 наурызға дейін, сағат 18:00-ге дейін (15 күнтізбелік күн).
Әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімнен кешіктірмей қатысуға коммерциялық ұсынысын келесі электрондық поштаға жолдайды: e.nurkeev@spk-aktobe.kz, немесе қолма-қол мына мекенжайға тапсырады: Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 103 «А».
Байланыс телефоны: +7 (7132) 97-24-90 (ішкі 194).