БАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы

Ақтөбеге картопты басқа облыстардан жеткізбек


Бірнеше өңірде картоп қымбаттады. Мәселен, Ақтөбе облысында оның құны бір ай бұрынғымен салыстырғанде екі есеге жуық өскен. Жауаптылар бағаны реттеу үшін тұрақтандыру қорынан шығатын өнімді көбейткенін айтады. Алайда, ол нәтиже бермеді.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Әзірге тапшылық жоқ, картоп сатылып жатыр. Алайда баға қымбат. Ірі супермаркеттерде 300 бен 400 теңге аралығында болса, шағын дүкендерде 450 теңгеге дейін жеткен. Тұрғындар тұрақтандыру қоры арқылы арзанға сатылатын өнімнің сапасы нашар екенін әрі оның баршаға бірдей жетпейтінін айтады. Бағаның өсуіне басты себептің бірі Ресейден келетін өнім тоқтаған. Енді жауаптылар картоп сатып алу үшін еліміздің солтүстігіндегі облыстармен келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Картоп қоры жеткілікті

Эльмира Кәленова, тілші:

Солтүстік Қазақстанда картоптың бағасы 10 пайызға көтерілді. Әкімдік өкілдері өнім жеткілікті екенін айтып отыр. Тұрақтандыру қорының қоймаларында 1 200 тонна картоп бар. Қазір ірі шаруашылықтармен меморандум жасалып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар өнімді тағы да сатып алу көзделген. Тұрақтандыру қорының сауда нүктелердінде бір келі картоп 97 теңгеден сатылып жатыр. Ал көтерме сауда базарларында баға 235-250 теңгеден басталады. Бағаны осы қалпында ұстап тұру үшін бақылау күшейтілді.

Жалпы биыл өңір шаруалары жақсы өнім алды. Орта есеппен гектарынан 150 центнер. Барлығы 110 мың тоннадан астам картоп жиналды.

Жақсыбек Кемал, Эльмира Кәленова

Тізімге оралу
Читайте так же

image

Бізбен байланысыңыз

Жобаңызды талқылауға және өңірдің тұрақты дамуы үшін практикалық шешімдер ұсынуға дайынбыз

Байланыс

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, call-орталыққа хабарласыңыз

antikor image

1424

Антикордың жедел желісі
logo

8 (7132) 45-91-16

Комплаенс қызметі