Хабарландыру

Хабарландыру

Ақтөбе облысының ТМРКД «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының өтінімдері бойынша жария тыңдаулар өткізеді


            Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрам өтуі үшін кірме жолды беру, бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметіне және тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдаулар өткізеді.

            Жария тыңдау тарифті бекітуге немесе өзгертуге өтінімді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады.

            Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған.

            Жария тыңдау 2026 жылғы 30 сәуірде, сағат 11:00-де ZOOM платформасы арқылы (идентификатор: 818 6397 3128, коды: 48g15w) онлайн өтеді.

            Сонымен бірге, жария тыңдау параллельді түрде онлайн режимде  Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында көрсетілетін болады: http://www.facebook.com/100015441583508.                          

            Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.

             Анықтама үшін телефон: Департамент – 8(7132) 55-73-38.

Тізімге оралу
Читайте так же

image

Бізбен байланысыңыз

Жобаңызды талқылауға және өңірдің тұрақты дамуы үшін практикалық шешімдер ұсынуға дайынбыз

Байланыс

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, call-орталыққа хабарласыңыз

antikor image

1424

Антикордың жедел желісі
logo

8 (7132) 45-91-16

Комплаенс қызметі