Хабарландыру

Хабарландыру

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ әлеуметтік желілерге арналған фото және бейнематериалдар дайындау және қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша SMM-мобилограф маманын тартуға конкурс жариялайды


1. Орындаушыға қойылатын талаптар

1.1. Жұмыс тәжірибесі:

            •          SMM немесе цифрлық контент жасау саласында кемінде 1 жыл тәжірибесі болуы;

            •          Фото және бейнетүсірілім, монтаж жасау дағдылары;

            •          Әлеуметтік желілерге контент дайындау тәжірибесі.

1.2. Кәсіби дағдылар:

            •          Іскерлік және жазбаша коммуникация дағдылары;

            •          Монтаж бағдарламаларын меңгеру (CapCut, InShot немесе ұқсас);

            •          Әлеуметтік желілерге контент дайындау принциптерін түсіну;

            •          Контент-жоспармен жұмыс істеу.

2. Мақсаттар мен міндеттер

2.1. Мақсаттар:

            •          «Ақтөбе» ӘКК» АҚ қызметін ақпараттық сүйемелдеу;

            •          Әлеуметтік желілер үшін визуалды контент жасау;

            •          Компанияның оң имиджін қалыптастыру.

2.2. Міндеттер:

            •          Іс-шаралар мен объектілерде фото және бейнетүсірілім жүргізу;

            •          Instagram желісінде контент жариялау;

            •          Негізгі бағыттар бойынша контент дайындау (жобалар, инвестициялар, команда);

            •          Республикалық БАҚ-та материалдар орналастыру;

            •          Атқарылған жұмыстар бойынша есеп ұсыну.

3. Шарттар:

            •          Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (ГПХ) жасалады;

            •          Қызмет көрсету мерзімі: шарт жасалған күннен бастап 2026 жылғы 31 шілдеге дейін;

            •          Жұмыс техникалық спецификация және жоспарға сәйкес жүзеге асырылады;

            •          Төлем көрсетілген қызметтер бойынша жүргізіледі;

            •          Құпиялылық талаптары сақталады;

            •          Республикалық БАҚ-та кемінде 2 жарияланым/атап өту қамтамасыз етіледі.

4. Күтілетін нәтижелер

            •          Instagram контенті (Reels, сторис, посттар);

            •          Дайын визуалды материалдар;

            •          БАҚ-та жарияланымдар;

            •          Сілтемелері бар қорытынды есеп.

5. Қосымша шарттар:

            •          Барлық материалдарға құқық Заказчикке беріледі;

            •          Материалдар сілтеме түрінде ұсынылады;

            •          Пайдалану тек келісіммен жүзеге асырылады.

Өтінімдер «17» сәуір 2026 жылға дейін қабылданады

Пошта: hr@spk-aktobe.kz

 

Тізімге оралу
Читайте так же

image

Бізбен байланысыңыз

Жобаңызды талқылауға және өңірдің тұрақты дамуы үшін практикалық шешімдер ұсынуға дайынбыз

Байланыс

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, call-орталыққа хабарласыңыз

antikor image

1424

Антикордың жедел желісі
logo

8 (7132) 45-91-16

Комплаенс қызметі