Хабарландыру

Хабарландыру

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттік кредиттер беру мақсатында өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды:


«Ақтөбе» ӘКК» АҚ агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттік кредиттер беру мақсатында өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды:

  • сүт-тауар фермалары (қуаттылығы 400-ден 1500 басқа дейін);
  • ет бағытындағы құс фабрикалары (жылына 5000 тоннадан бастап құс еті);
  • етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап);
  • бордақылау алаңдары (5000 бастан бастап);
  • ет өңдеу кәсіпорындары (сағатына 8 шартты бастан бастап);
  • ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал базарлары (сыйымдылығы 10 000 бастан бастап);
  • көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);
  • жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);
  • өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтары;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындары, оның ішінде жүн мен теріні өңдеу, сондай-ақ құрама жем өндіру;
  • акваөсіру нысандарын өсіру шаруашылықтары (жылына 25 тоннадан бастап);
  • құс шаруашылығындағы асыл тұқымды репродукторлар;
  • су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы егіншілік жобалары (картоп, көкөністер, мал азығы өндірісі);
  • қой шаруашылығы фермалары (5000 бастан бастап);
  • жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары (жылына 80 млн жұмыртқадан бастап);
  • мал сою пункттері және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары. 

Қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №322 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте №33364 болып тіркелген):

Өтінім қабылдау мерзімі:

Өтінімдер 7 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Негізгі кредиттеу шарттары:

  • кредит мерзімі — 10 жылға дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%;
  • мақсатты бағыты — агроөнеркәсіптік кешенді құру және кеңейту;
  • негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі — 24 айға дейін;
  • міндетті қоса қаржыландыру — жоба құнының кемінде 10%-ы;
  • қамтамасыз ету (кепіл) — кредит сомасының кемінде 30%-ы.

Жобаларға қойылатын негізгі талаптар:

1. әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын импортты алмастыруды ескере отырып, салалық негізділігі;

2. өңір халқын сапалы және қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету;

3. уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;

4. өтініш берушінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, не кәсіпорын басшысының осы салада кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;

5. кредиттік есеппен расталған, кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешектің болмауы;

6. берік жем-шөп базасын қалыптастыру үшін қажетті ауыл шаруашылығы жерлерінің және ауыл шаруашылығы техникасымен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің болуы;

7. салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

8. Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес тарату, банкроттық, оңалту рәсімдерінің, сондай-ақ қызметтің тоқтатылуының болмауы;

9. бюджет қаражаттарына жатпайтын тиісті құжаттармен расталған, қарыз алушы тарапынан жоба құнының кемінде 10%-ы мөлшерінде қоса қаржыландырудың болуы;

10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген, меншік құқығын және бағалау құнын растайтын құжаттары бар, кредит сомасының кемінде 30%-ын құрайтын өтімді кепіл мүлкімен қамтамасыз ету;

11. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 9-1-тарауына сәйкес жобаның оң сараптама қорытындысының болуы (сараптама алуды талап ететін жобалар бойынша).

Қажет болған жағдайда жобаның оң сараптама қорытындысының болуы.

Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ толық кеңес алу және қажетті құжаттар тізбесін білу үшін, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ға келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103А

Байланыс телефоны: +7 702 112 25 24

Тізімге оралу
Читайте так же

image

Бізбен байланысыңыз

Жобаңызды талқылауға және өңірдің тұрақты дамуы үшін практикалық шешімдер ұсынуға дайынбыз

Байланыс

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, call-орталыққа хабарласыңыз

antikor image

1424

Антикордың жедел желісі
logo

8 (7132) 45-91-16

Комплаенс қызметі