Қызметкерге қойылатын талаптар:
1. Мақсаты
Қоғамның тауарлық-материалдық құндылықтарын уақытылы, қауіпсіз және сапалы тиеу, түсіру және тасымалдауды қамтамасыз ету.
2. Міндеттері:
- Тиеу-түсіру жұмыстарын қолмен және қарапайым механизмдерді пайдалана отырып орындау;
- Жүктерді тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау;
- Қоймада және тиеу алаңдарында тәртіпті сақтау.
3. Функционалдық міндеттері:
- Тауарларды, материалдарды және жабдықтарды тиеу және түсіру;
- Жүктерді қойма/нысан аумағында тасымалдау;
- Жүктерді белгіленген орындарға орналастыру, сұрыптау және жинақтау;
- Жүктерді тасымалдауға дайындау;
- Қажет болған жағдайда түгендеуге қатысу;
- Тапсырыс берушінің жауапты тұлғаларының талаптары мен нұсқауларын сақтау.
4. Жұмысты орындау шарттары:
- Жұмыстар Ақтөбе облысы аумағындағы қойма және/немесе өндірістік нысандарда жүргізіледі;
- Жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімде орындалады.
5. Күтілетін нәтижелер:
- Тиеу-түсіру жұмыстарының уақытылы орындалуы;
- Жүктердің зақымдануы, шығыны, ақауы мен жоғалуына жол бермеу.
6. Қосымша шарттар:
- Қызметкер тиеуге/түсіруге тапсырылған жүктердің сақталуына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жауапты болады;
- Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалады.