Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру


«Ақтөбе» ӘКК» АҚ техникалық тапсырмаға сәйкес spk-aktobe.kz ресми сайтының клиенттік сервисіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды орындау үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде маманға конкурс жариялайды.

Қатысуға ниет білдірген тұлғалардан түйіндемені spk.aktobe@mail.ru электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Өтінімдер 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін қабылданады.


«Ақтөбе» ӘКК» АҚ ресми сайтына өзгерістер енгізу бойынша техникалық тапсырма

Жобаның атауы мен мақсаты:
«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ үшін веб-сайт құру. Интернет кеңістігінде корпорацияны таныстыратын, клиенттерді тартатын және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беретін заманауи, ыңғайлы және бейімделгіш (адаптивті) сайт әзірлеу.

Негізгі функциялар

  • Сайт бойынша ыңғайлы әрі интуитивті түсінікті навигация;

  • Контентті контентті басқару жүйесі (CMS) арқылы өңдеу мүмкіндігі;

  • Мобильді телефон, планшет және десктопқа бейімделген адаптивті дизайн;

  • Келушілер статистикасын бақылау үшін Google Analytics интеграциясы;

  • Деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін SSL-сертификат.

CMS функциялары

  • Мәтіндер мен суреттерді қосу және өңдеу мүмкіндігі;

  • Сайт беттерін басқару (құру, өңдеу, жою);

  • SEO үшін мета-тегтерді басқару (тақырыптар, сипаттамалар, кілт сөздер);

  • Медиафайлдарды басқару (суреттерді жүктеу).

Дизайнға қойылатын талаптар

  • Дизайн компанияның фирмалық стиліне сай болуы (логотип, түстер палитрасы, қаріптер);

  • Минималистік, заманауи стильді қолдану;

  • Пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс (UI) және жағымды пайдаланушы тәжірибесі (UX);

  • Әртүрлі экрандарды қолдайтын адаптивті верстка.

Адаптивтілік және кросс-браузерлік үйлесімділік

  • Сайт заманауи браузерлерде дұрыс көрсетілуі тиіс (Chrome, Firefox, Safari, Edge);

  • Экран ені 320px–1920px аралығында бейімделуі қажет.

Өнімділік

  • Беттің жүктелу уақыты 3 секундтан аспауға тиіс;

  • Суреттерді оңтайландыру (SVG, WebP).

Қауіпсіздік талаптары

  • Барлық беттерде HTTPS қолдану;

  • SQL-инъекциялардан және XSS-шабуылдардан қорғау;

  • CMS және плагиндердің өзекті (жаңартылған) нұсқаларын пайдалану.

Қосымша талаптар

  • Кейін сайтты масштабтау мүмкіндігі (жаңа беттер мен бөлімдер қосу);

  • SEO-оңтайландыру (мета-тегтер, ыңғайлы URL, бет жүктелу жылдамдығы).

Келісу және бекіту

  • Маман кандидатурасы «Ақтөбе» ӘКК» АҚ кадр комитетінде бекітіледі;

  • Көрсетілген жұмыстарды алдын ала орындау мерзімі: желтоқсан/қаңтар айлары.

Тізімге оралу
Читайте так же

image

Бізбен байланысыңыз

Жобаңызды талқылауға және өңірдің тұрақты дамуы үшін практикалық шешімдер ұсынуға дайынбыз

Байланыс

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, call-орталыққа хабарласыңыз

antikor image

1424

Антикордың жедел желісі
logo

8 (7132) 45-91-16

Комплаенс қызметі