Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев индустриалды аймақтың жұмысымен танысып, «Ақтөбе» ӘКК »АҚ-ның отырысына қатысты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев индустриалдық аймақтың жұмысымен танысып болған соң, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ның ағымдағы жылдың 10 айы ішінде атқарған қызметі мен 2018 жылдың соңына дейін жоспарлары туралы жиналысына қатысты.
Жиын барысында «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқармасының басшысы Әнуар Махановтың баяндамасы тыңдалды.
— Қазіргі уақытта «Ақтөбе» ӘКК» тарапынан біраз жұмыстар жасалып жатыр. Дегенмен, бұл жобалар қағаз жүзінде қалып қоймай, жуық арада толықтай жүзеге асырылуы тиіс. Біз аймағымызға инвестиция тарту жұмыстарын одан әрі жалғастыруымыз қажет, — деді аймақ басшысы жиынға қатысқандарға баса назар аударып.
Жиын соңында есепті тыңдаған облыс әкімі басқарма басшысы Ә.Махановқа нақты тапсырмалар берді.

 

Контакты

АО «СПК «Актобе»

+7 (7132) 74-20-48

spk.aktobe@mail.ru