«Поливест» ЖШС

«Поливест» ЖШС –  полиэтилен пакеттер өндірісі. Жоба құны – 500 млн теңге, жылдық қуаты – 1 200 тонна пакет. 2019 жылы 286 млн теңгеге 930 тонна өнім шығарылған.  Компания шетелдік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жоғары сапалы шикізаттан айына 100 тонна дайын өнім шығара алады. Бұл  – қоқыс салатын пакеттер, тұрмыста қолданылатын пакеттер және полиэтилен пленкалар. Пакет өндірісінде арнайы биоқоспа қолданылады. Оның әсерінен пайдаланылып, қоқысқа тасталған пакет бір жылдың ішінде шіріп кетеді.