«FIBC Kazakhstan» ЖШС

 «FIBC Kazakhstan» ЖШС –  полимерлі қаптар, яғни биг-бэгтер фабрикасы. Биг-бэгтер немесе бір рет пайдаланылатын қап- контейнерлер, жүк көтергіш арқандары бар берік қаптар.  500 – 2000 келіге дейінгі салмақты көтере алады. Жоба құны – 1 млрд  теңге. Өндірістің жылдық қуаты – 300 мың биг-бэг пен 30 мың вагон қабы. Фабрикада 17 өндірістің тігін машинасы бар. 2019 жылы 180 млн теңгенің өнімі шығарылған.

Жоба төрт кезеңде жүзеге асырылады.

I кезең:  кесіп-пішу және тігін цехының жұмысын ұйымдастыру;

II кезең: өндіріс цехын кеңейту;

III кезең: полипропиленнің сапасын арттыру және жеке шикізат базасын дайындау цехтарының құрылысы;

IV кезең: полипропиленнің сапасын арттыруға арналған жабдықтарды сатып алу, жылына 1 миллион дана қап жасау.