«Батыс» логистикалық орталығы

«Батыс» логистикалық орталығы

«Батыс» логистикалық орталығы –  Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында тұрмыстық техниканы қабылдап алу, сақтау және таратумен айналысатын «А» санатты логистикалық орталық. Бұл – «Ақтөбе» индустриялық аймағында жүзеге асырылған алғашқы инвестициялық жоба. Құны – 3 млрд теңге. Жылдық қуаты – 11 мың паллет орын. Логистикалық орталықтың ерекшілігі – EWM жүк жинау жүйесі швейцариялық SAP халықаралық стандартына сай. Жүк өңдеу технологиясы жоғары автоматтандырылған.