Мемлекеттік қызметшілер шағын футболдан жарысуда

Мемлекеттік қызметшілер командалары арасында шағын футболдан қалалық турнир басталды. Жарысқа биыл мемлекеттік органның 16 командасы қатысуда. Теңбіл доптан өткен жарыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған.

Жарысқа тек облыстық басқармалардың және департаменттердің мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын, яғни техникалық немесе өзге де қызметкерлер жіберілмейді.  Ұйымдастырушылардың  айтуынша,  спорттық шаралар салауатты өмір салтын дәріптеуге және мемлекеттік қызмет жүйесінде оң имидж қалыптасуына ықпал етеді.

Көктемдегі ақтық сайысқа қатысуға «Ақтөбе» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының құрамасы үмітті. Олардың мұндай чемпионатта жарысуы бірінші рет емес.

Спорттық бәсеке жұмыс уақыты біткен соң сәрсенбі, жұма күндері аралығында өтеді. Қазір сайысқа 23 мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің 200-ге жуық мамандарын қатысуда.

Байланыс

АО «СПК «Актобе»

+7 (7132) 74-20-48

spk.aktobe@mail.ru