«Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Болатбек Қуандықов «Ақтөбе» индустриалық аймағындағы инвестициялық жобалармен танысты

Астаналық мейманға сондай-ақ, «Еуразия» еркін экономикалық аймағы мен «Ақтөбе- Gebze» өндірістік аймағы жобаларының эскиздері көрсетілді.  Болатбек Баянұлы «Астана» халықаралық қаржы орталығының көмегімен инвестиция тартуды ұсынды.

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы (МФЦА, Astana International Financial Centre, AIFC) –Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған бірегей орталық. Инвесторлардың әрекеті орталық шеңберінде ағылшын құқығымен реттеледі. Сондай-ақ, ресми тіл болып ағылшын тілі саналады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында тәуелсіз сот пен халықаралық арбитражды орталық құрылған. Бұның бәрі меншік құқығын сақтау және сотты әділ жүргізуге кепілдік береді. Бұл тікелей инвестиция салып, ірі жобаларды жүзеге асыра алатын шетелдік инвесторлар үшін маңызды белгі. Отандық және шетелдік бизнес иелері сенімді құқықтық қорғау бар жерде ғана инвестиция құяды.

Байланыс

АО «СПК «Актобе»

+7 (7132) 74-20-48

spk.aktobe@mail.ru