Инвесторлармен қарым-қатынас

“Ақтөбе” ӘКК” АҚ-нда инвесторлар мен мемлекеттің тығыз, әрі ашық қарым-қатынасын қамтамасыз еттетін  диалогтік алаңдар жүйесі құрылған. Біздің аймақта инвестициялық  жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдасаңыз, Сіз кез келген кезеңдегі сұрақтардың тиімді шешілуіне сенім арта аласыз.

 

Инвестормен қарым-қатынас үлгісі:
1. Инвестор:
− Жобаны сүйелмелдеуге өтініш беру;
2.  «Актобе» ӘКК» АҚ-ы:
− Өтініштің қабылданғаны жөнінде инвесторға хабарлау;
− Инвестормен жоба жөнінде келіссөздер жүргізу және инвестордың қажеттіліктерін анықтау.
3. Инвестор:
− Қажет болса жоба бойынша қосымша құжаттар тапсыру;
− Жобаның паспорты;
− Жобаның бизнес-жоспары (қолында бар болса) және т.б.
4. Инвестор «Актобе» ӘКК» АҚ-мен бірге:  
Инвесторларға мемлекеттің қолдау шаралары мен қызметтері туралы кеңес беру, соның ішінде:
− Инвестициялық артықшылықтар алу тәртібі;
− Қалай индустриялық аймақ қатысушысы атануға болады;
− «Актобе»ӘКК-ның инвестициялық жобаларын қарау тәртібі;
− Инвесторлық виза алу тәртібі;
− Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу тәртібі;
− БЖК-2020 бағдарламасы бойынша/ кепілдік алу тәртібі;
Қаралу мерзімі (1-4 пункт) – 1 күн
5. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы әкімдікпен бірге:  
Инвестициялық жобалар бойынша ақпарат (ұсыныс) дайындау үшін төмендегі параметрлерді ескере отырып, сұрақтардың тиістілігіне қарай мемлекеттік мекемелерге сұраныс жіберу:
− Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму басымдығын, даму жоспарын, тиімділік талаптарын, дайындық деңгейін, жаңашылдығын және т.б. ескере отырып, инвестициялық жобаны бағалау;
− Бос жер учаскелерінің, сыртқы және ішкі инженерлік, көлік, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдардың болуы және олардың қуаты;
− Басқа құжаттар.
Қаралу мерзімі – 5 күн
6. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы: 
− Жобаның қорытындысын әзірлеу
Дайындау мерзімі – 3 күн
7. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы Инвестормен бірге:
− Инвесторға инвестициялық алаңды таңдау бойынша кеңес беру
Кеңес беру мерзімі – 3 күн
8. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы Инвестормен бірге: 
− Жобаны жүзеге асыру үшін құжат рәсімдеу тәртібінен өтуге ықпалдасу
Құжат рәсімдеу уақыты   – 2-3 ай
9. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы Инвестормен бірге: 
− Кәсіпорын қызметіне мониторинг жасау, соның ішінде инвестордың әкімшілік рәсімдер бойынша сұрақтарын шешуге ықпалдасу
Жалпы мерзімі  – 3 ай

 

 

Инвестормен «Актобе» ӘКК» АҚ-ы ішіндегі қарым-қатынас үлгісі:
1. Инвестор:
− Жобаны сүйелмелдеуге өтініш беру;
2. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы фронт-кеңсесі:
− Өтініштің қабылданғаны жөнінде инвесторға хабарлау;
− Инвестормен жоба жөнінде келіссөздер жүргізу және инвестордың қажеттіліктерін анықтау.
Қаралу мерзімі (1- 2 пункт) – 1 күн

3. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы фронт-кеңсесі:
− ӘКК департаменттерімен бірге жоба әзірлеу, жұмыс тобын құру;
4. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы:
− Жобалардың қаржылық мониторингі департаменті
(жобаны жартылай қаржыландыру кезінде)
− Директорлар кеңесін өткізу
Ақтөбе облысының әкімдігі:
− Өңірлік үйлестіру кеңесін өткізу
5. «Актобе» ӘКК» АҚ-ы фронт-кеңсесі:
− Ортақ іс туралы келісім-шартқа қол қою
6. Талдау және жобаларды сүйемелдеу департаменті
− Сүйемелдеуге беру
Рәсімдердің мерзімі  (3-6 пункт) – 5 күн
7. Кәсіпорын қызметіне мониторинг жасау,
соның ішінде инвестордың әкімшілік рәсімдер бойынша сұрақтарын шешуге ықпалдасу