«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша «Ақтөбе қаласында 612 орындық 3 студенттік жатақханалар құрылысы» жобасын бастамашылық ету жайлы хабарлама»

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында 612 орындық 3 студенттік жатақханалар құрылысы» жобасын бастамашылық ету жайлы Ақтөбе қаласы, Абылқайыр хан, 40 даңғылы мекен-жайында орналасқан «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ жариялайды.
• Іске асыру орны: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы;
• Іске асыру кезеңі: 2019 -2020 жылдар;
• Пайдалану мерзімі: 20 жыл қолданысқа берілген уақыттан бастап;
• Жобаның атаулары:
1) «Ақтөбе қаласы, А.Гришин көшесіндегі 244 орындық жатақхана құрылысы» жобасы, жоба құны – 1 007,2 млн тг. Жобалық-сметалық құжаты жасақталған, мемлекеттік сараптамадан өткен;
2) «Ақтөбе политехникалық колледжі 184 орындық жатақхана құрылысы» жобасы, жоба құны – 829,4 млн тг. Жобалық-сметалық құжаты жасақталған, мемлекеттік сараптамадан өткен;
3) «Ақтөбе медициналық колледжі 184 орындық жатақхана құрылысы» жобасы, жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптама қарауында.
• Бюджеттен және (немесе) мемлекеттік қолдау шараларынан болжанған төлемдер: мемлекеттік тапсырыс орналастыру есебінен инвестор шығындары өтеледі.
Өтемақы көлемі:
– Жаңа құрылыс болған жағдайда студентті жатақтаханадағы бір орынмен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері – 122 еселенген айлық есептік көрсеткіште;
– Реконструкциялау жағдайында жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері – 47 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері.
• Келіп түскен өтінім аясында нақты қажеттілік: Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы кәсіптік-техникалық ұйымдарға жатақхана салу және оны 20 жыл бойы пайдалану. Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарындағы оқып жатырған студенттер есебінен мемлекеттік тапсырыс орналастыру кепілдігімен.
• Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей жобалар қатарына жатуы: Жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей емес.
Әлеуетті жекеше әріптес «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 135-тармағына сәйкес, жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсыныстарды, сондай-ақ осы қағиданың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті анықтау туралы тікелей келіссөздерге қатысуға өтініш береді.
Баламалы өтінім берудің түпкілікті мерзімі – 2019 жылдың 1 маусымы.
Анықтамалық ақпаратты «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің: 8 (7132) 55-11-38 телефон нөмірінен білуге болады.

Байланыс

АО «СПК «Актобе»

+7 (7132) 74-20-48

spk.aktobe@mail.ru