МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дегеніміз не?

2015 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңы қабылданды

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік және жекешелік сектордың мемлекет пен бизнестің ресурстары мен тәжірбиесін біріктіру, экономикалық маңызы бар қызметтердің сапалы қызмет көрсетулеріне байланысты әлеуметтік маңызы бар жобаларды ең төменгі шығындармен және тәуекелдермен жүзеге асыру арқылы өзара тиімді ынтымақтастық болып табылады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттің атынан мемлекеттік-жекешелік қызметтерді жобалау, қаржыландыру, салу, жөндеу, оңалту, пайдалану немесе күтіп ұстау үшін мемлекеттік және жеке сектор арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді қатынастар жүйесі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік  экономиканың барлық салаларында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін нысандар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдану саласы бола алмайды.

Байланыс

АО «СПК «Актобе»

+7 (7132) 74-20-48

spk.aktobe@mail.ru