Инвесторларға

  • Жоғары еңбек өнімділігі мен экологиялық талаптарды қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялар мен жабдықтарды пайдалану
  • Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі;
  • Экспорттық бағдар немесе импорт алмастыру
  • Аймақта  ұқсас өнімдердің болмауы;
  • Жобалық компанияның жақсы тәжірибесі мен беделі;
  • CAPEX жобасы 120 млн. теңгеден кем емес / 1 га. жер учаскесі.

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес инвестор:

1. Жобаларға арналған басымдықтар (басым инвестициялық жобаларды қоса алғанда):

  • мемлекеттік заттай гранттар – негізгі құралдарға салынатын инвестициялардың 30% -нан аспайтын жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, техника мен жабдықтарды, есептеу техникасын,өлшеу және реттеуші аспаптар мен құрылғыларды, көлік құралдарын, өндірістік және тұрмыстық техниканы меншікке беру.

2. Басым инвестициялық жобалар бойынша артықшылықтар*:

  • салық жеңілдіктері: корпоративтік табыс салығы – 10 жыл ішінде 0%; жер салығы – 10 жыл ішінде 0%; мүлік салығы – 8 жыл ішінде 0%;
  • Инвестордың құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықты сатып алу шығындарын өтеу үшін 30% дейінгі инвестициялық көмекқаржы;
  • заңнаманың тұрақтылығының кепілдіктері: салық және шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялық комитеті базасында «бір терезе» қағидаты (құжаттарды жинау және дайындау кезінде келісімшарт жасаған инвесторлардың қатысуын азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызмет субъектілерімен тікелей байланысын шектеу. Осылайша, барлық қажетті рұқсаттар мен жобаларды іске асыру үшін басқа құжаттар «бір терезеде» берілетін болады);
  • пайдалануға берілгенге дейінгі кезеңге шетелдік жұмыс күшін тарту және квотадан тыс және рұқсатсыз инвестициялық жобаны іске асырғаннан кейін бір жыл;

*Басым инвестициялық жобалардың критерийлері:

Екінші деңгейдегі банктердің несие беру шарттары туралы толығырақ ақпаратты банктердің веб-сайтынан табуға болады:

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында 612 орындық 3 студенттік жатақханалар құрылысы» жобасын бастамашылық ету жайлы Ақтөбе қаласы, Абылқайыр хан, 40 даңғылы мекен-жайында орналасқан «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ жариялайды.
• Іске асыру орны: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы;
• Іске асыру кезеңі: 2019 -2020 жылдар;
• Пайдалану мерзімі: 20 жыл қолданысқа берілген уақыттан бастап;
• Жобаның атаулары:
1) «Ақтөбе қаласы, А.Гришин көшесіндегі 244 орындық жатақхана құрылысы» жобасы, жоба құны – 1 007,2 млн тг. Жобалық-сметалық құжаты жасақталған, мемлекеттік сараптамадан өткен;
2) «Ақтөбе политехникалық колледжі 184 орындық жатақхана құрылысы» жобасы, жоба құны – 829,4 млн тг. Жобалық-сметалық құжаты жасақталған, мемлекеттік сараптамадан өткен;
3) «Ақтөбе медициналық колледжі 184 орындық жатақхана құрылысы» жобасы, жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптама қарауында.
• Бюджеттен және (немесе) мемлекеттік қолдау шараларынан болжанған төлемдер: мемлекеттік тапсырыс орналастыру есебінен инвестор шығындары өтеледі.
Өтемақы көлемі:
– Жаңа құрылыс болған жағдайда студентті жатақтаханадағы бір орынмен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері – 122 еселенген айлық есептік көрсеткіште;
– Реконструкциялау жағдайында жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері – 47 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері.
• Келіп түскен өтінім аясында нақты қажеттілік: Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы кәсіптік-техникалық ұйымдарға жатақхана салу және оны 20 жыл бойы пайдалану. Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарындағы оқып жатырған студенттер есебінен мемлекеттік тапсырыс орналастыру кепілдігімен.
• Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей жобалар қатарына жатуы: Жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей емес.
Әлеуетті жекеше әріптес «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 135-тармағына сәйкес, жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсыныстарды, сондай-ақ осы қағиданың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті анықтау туралы тікелей келіссөздерге қатысуға өтініш береді.
Баламалы өтінім берудің түпкілікті мерзімі – 2019 жылдың 1 маусымы.
Анықтамалық ақпаратты «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің: 8 (7132) 55-11-38 телефон нөмірінен білуге болады.

Байланыс

АО «СПК «Актобе»

+7 (7132) 74-20-48

spk.aktobe@mail.ru